/KASE, 06.05.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 13
мамырында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-108
13-ші шығарылымын (KZKD00001087, MUM108_0013) орналастыру
бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 95,0248 % (кірістілігі –
жылдық 12,40 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны
бойынша жалпы сомасы 4 000 000 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа өлшенген таза
баға номиналдың 95,3575 % құрады (кірістілігі - жылдық 12,30%).
Астана қ. уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық
жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өтеді.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 13 мамырда болатын
МЕУКАМ-108 13-ші шығарылымын (KZKD00001087, MUM108_0013)
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1520825/
[2024-05-06]