/KASE, 06.05.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 13
мамырында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-180
алтыншы шығарылымын (KZKD00000535, MUM180_0006) орналастыру
бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 84,0721 % (кірістілігі –
жылдық 12,40 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны
бойынша жалпы сомасы 3 000 000 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа өлшенген таза
баға номиналдың 84,1402% құрады (кірістілігі - жылдық 12,37%).
Астана қ. уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық
жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өтеді.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 13 мамырда болатын
МЕУКАМ-180 алтыншы шығарылымын (KZKD00000535, MUM180_0006)
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық
өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1520831/
[2024-05-06]