/KASE, 06.05.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 13
мамырында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕККАМ-12
157-ші шығарылымын (KZKD00000332, MKM012_0157) орналастыру
бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 89,8543 % (кірістілік –
жылдық 12,40 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны
бойынша жалпы сомасы 12 125 483 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа өлшенген таза
баға номиналдың 89,9865 % құрады (кірістілігі – жылдық 12,22%).
Астана қ. уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық
жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өтеді.
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 13 мамырда болатын
МЕККАМ-12 157-ші шығарылымын (KZKD00000332, MKM012_0157)
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық
өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1520828/
[2024-05-06]