06 мамырдан бастап "SkyBridge Invest" АҚ "KEGOC" АҚ-ның KZ1C00000959 (KEGC) жай акциялары бойынша KASE-де маркет- мейкер мәртебесіне ие болды

06.05.24 10:31
/KASE, 06.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 06 мамырынан бастап "SkyBridge Invest" АҚ-на (Алматы) оның өтініші негізінде "KEGOC" АҚ-ның (Астана) KZ1C00000959 жай акциялары (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KEGC) бойынша KASE-де маркет- мейкер мәртебесі берілді. [2024-05-06]