/KASE, 02.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы " АҚ (Астана)
KASE-ге 2024 жылдың 28 мамырында сағат 15:00-де акционерлерінің
жылдық жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен өтетінін хабарлады:
1. компанияның 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
2. компанияның 2023 жылғы таза табысын бөлу тәртібі және
компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері
туралы;
3. акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының
2023 жылғы әрекеттеріне шағымдары және оларды қараудың
нәтижелері туралы;
4. компанияның Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту
туралы;
5. компанияның 2025 – 2029 жылдардағы қаржылық есептілігіне аудит
жүргізетін аудиторлық ұйымды айқындау туралы;
6. компания акционерлерінің жалпы жиналысының есеп комиссиясының
құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында
орналастырылған –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_special_shareholders_meeting_info_280524_3340.pdf
[2024-05-02]