/KASE, 26.04.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың
30 сәуірінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-180 14-ші
шығарылымының (KZKD00000956, MUM180_0014) орналастыру бойынша
арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 80,4654 % (кірістілік –
жылдық 12,15 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны
бойынша жалпы сомасы 10 000 000 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды.
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 сәуірде болатын
МЕУКАМ-180 14-ші шығарылымын (KZKD00000956, MUM180_0014)
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық
өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1520180/
[2024-04-26]