"Эйр Астана" АҚ FlyArystan авиакомпаниясының пайдаланушы сертификатын алғаны туралы хабарлады

03.04.24 10:49
/KASE, 03.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KASE-ге 2024 жылғы 03 сәуірдегі баспасөз релизін ұсынды, онда мыналар хабарланады: дәйексөздің басы "Эйр Астана" акционерлік қоғамы (бұдан əрі - "Компания" жəне еншілес FlyArystan-мен бірге "Топ") кірісі мен əуе флотының көлемі бойынша Орталық Азия жəне Кавказ аймақтарындағы ең ірі əуекомпаниялар тобы, FlyArystan арзан тасымалдау брендінің Қазақстан Авиация Əкімшілігінен (ҚАƏ) жеке оператор сертификатын (AOC) алғанын хабарлайды. 2024 жылғы 1 сəуірде шыққан AOC ҚАƏ тарапынан өткізілген терең аудиті мен талдауының нəтижесі болып, FlyArystan-ның қазақстандық авиация заңнамасына да, халықаралық операциялық стандарттарға да сəйкестігін растайды. 2019 жылы құрылғаннан бері FlyArystan "Эйр Астана" компаниясың АОС пайдаланатын. Өзінің AOC-мен FlyArystan өз қызметін арзан тасымалдаушы үлгісіне одан ары бейімдеп, қосымша өсу мүмкіндіктерін іздестіре алады. FlyArystan Топтың толық еншілесі болып қала береді. Бұл Топқа да, FlyArystan клиенттеріне де пайда əкелетін стратегиялық шешім. Лоукостердің өсуі мен дамуы үшін бөлек AOC қажет. Операциялық тұрғыдан алғанда, бұл үлкен тиімділікпен бірге əлем бойынша авиациялық билік органдары арасында танулуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, FlyArystan-ға халықаралық нарықтағы белсендігін арттыру мен басқа əуекомпаниялармен ынтымақтасу үшін жеке IATA кодын алуға мүмкіндік береді. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_030424_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_030424.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_030424_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-04-03]